Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шавкат Рахмонов жаңа туған сәбиін көрсетті

AstanaTV
24.04.2024ж. 16:23
227
Шавкат Рахмонов жаңа туған сәбиін көрсетті


UFC-де бақ сынап жүрген, аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов төртінші рет әке атанды.Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әйгілі файтердің жұбайы дүниеге қыз бала әкелді. Ол отбасының төртінші баласы, әзірге атын кім деп қойғаны белгісіз. Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың енді үш қыз, бір ұлы бар. Үлкен баласы алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ұлы екі жаста екені белгілі.

Қазақстандық UFC жартылай орта салмақтағы үздік үштіктің бірі саналады. Ол соңғы рет 2023 жылы 17 желтоқсанда танымал Стивен Томпсонды жеңген болатын.