Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының көмегімен тұрғындар орталық электр жүйесіне қосылды

AstanaTV
31.01.2017ж. 20:00
2738
«Нұр Отан» партиясының көмегімен тұрғындар орталық электр жүйесіне қосылды

«Нұр Отан» партиясының көмегімен Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа-Ахмер кентінің тұрғындары орталық электр жүйесіне қосылды. Тұрғындар өткен күзде партияның қоғамдық қабылдауына келіп, осы мәселені шешіп беруін өтінген. Мұнда 1 400-дей отбасы қоныстанған. Адам саны артқан сайын, бұрынғы электр станциясының қуаты жетпей барады. Бұл олқылықты жою осы жылдың соңына белгіленген еді. Алайда бұл мәселе ертерек шешімін тапты. "Нұр Отан" партиясының мұрындық болуымен қала бюджетінен 2 миллионға жуық қаражат бөлініп жаңа электр жүйесі салынды.

Жансая Қаныбекова, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі:

Электр жабдықтау, жол жөндеу мәселелері қарастырылып, бұл сұрақтар шешімін тапты. Жолда жөндеу жұмыстарын жүргіздік. 

Қазір Жаңа-Ахмер кентінің тұрғындары көктемді асыға күтіп отыр. Жергілікті шенділер орталық су жүйесін салып береміз деп уәде берген. Әзірге тұрғындар су колонкаларынан тасып ішуге мәжбүр. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы басқармасындағылар жақын арада жобалық-сметалық құжат жасалатынын айтқан. Мәселені партия өкілдері жіті назарда ұстамақ. Кей тұрғындарға уақытша тіркеу мәселесінде де көмек көрсетілді.