Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Біліктілікті арттыру сынағынан өтпеген судьялар қызметтен кетеді

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2640
Біліктілікті арттыру сынағынан өтпеген судьялар қызметтен кетеді

Біліктілікті арттыру сынағынан өтпеген судьялар енді қызметінен босатылады. Мәжіліс судьялардың жауапкершілігін арттыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады. Бұған дейін арнайы тексерістен өте алмай қалса да, соттар алаңсыз қызмет атқарып жүре беретін. Мәселен, былтыр 47 судья сынақтан сүрінген, алайда, жұмыстан қуылмапты.

Ақылтай Қасымов, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

Мына жоба қабылданған кезде оларға мына заң күші болмайды. Олар жұмысын бір жыл ішінде атқарып, қайтадан кәсіби тексеруге сот жюриінің алдына келеді. Сол кезде сұрақтарға жауап беріп, жұмысы бір жылдың жақсы болатын кезде, олар жұмысын ары қарай жалғастыра береді. Ал кәсіби тексерістен өте алмай қалса, ол кісі, өкінішке орай, орнын босатуға тиісті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ