«Кедергісіз келешек» жобасы аясында азаматтар "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдауында болды. Мүмкіншілігі шектеулі жандар
арыз-шағымын жеткізуге мүмкіндік алды. Солардың бірі Гүлжазира Базарбаева
денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз екенін айтып, көмек сұрай келген.
Гүлжазира
Базарбаева, Астана қаласының тұрғыны:
Осы
уақытқа дейін қозғалған жоқ еді мәселе. Шешілетін шығар деп ойлаймын. Көп
кісілер звондап, өзгерістер болып жатқан сияқты. Сенейін енді.
Бүгін
республика бойынша барлық 231 қоғамдық қабылдау бөлмелерінің есігі мүмкіндігі
шектеулі жандар үшін ашық болды. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша емделу,
әлеуметтік көмек алу мәселелерімен келгендер көп. Астанада азаматтарды
қабылдауға еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрлігінің
өкілдері қатысты. Шара барысында мүгедек жандарды тұрақты жұмысқа қабылдау,
халықты ақпараттандыру мәселесі мен мүмкіншілігі шектеулі жандардың құқықтары
қарастырылды. Жалпы өткен жылы "Нұр Отан" партиясына осы мәселемен
екі мыңға жуық адам хабарласып, олардың басым бөлігіне көмек көрсетілген.
Жұмажан
Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы
республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігімен бізде «үзіліс-байланыс» деген жобамыз
бар. Онда сол кісілердің өкілдері келіп, зейнетақы ала алмай жүрген, ем ала
алмай жүрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын шешу үшін көмектеседі.
Келіп жатқан адамдар да көп.