Су тасқыны кезінде демалысқа кеткен Қарақат Әбілдина жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі Вьетнамда түскен суретін әлеуметтік желіде бөлісті.
"Cүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем. Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын ала жоспарланып қойған демалыс еді ғой бұл. Елдегі жағдайдан кейін Қыдекең "ешқайда бармаймыз" деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілдері ол түсіп, қойш, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, уф, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Так что бұл нағыз "заслуженный отдых" болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық рас… Шүкір .Бәрі жақсы болсыншы", - деп жазған ол.