Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елімізде су тасқыны басталғалы 460-қа жуық әйел босанды

AstanaTV
30.04.2024ж. 19:45
649
Елімізде су тасқыны басталғалы 460-қа жуық әйел босанды

Су тасқынымен күресте ақ халаттылардың жұмысы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Біз біргеміз» телемарафоны эфирінде айтып берді.

«Медицина қызметкерлері су тасқыны басталғалы алдыңғы қатар еңбек етіп жүр. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 460-қа жуық әйел босанды, өмір жалғасып жатыр. Сонымен қатар созылмалы ауруы бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту біздің бақылауымызда. Дәрігерлер 100-ден астам эвакуациялау пунктінде халыққа тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр, кейбір пункттер жабылды», - деді Ақмарал Әлназарова телеэфирде. 

Министрдің айтуынша, әсіресе жұқпалы аурулардың алдын алу ерекше бақылауда.