«Астана
ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері мәжбүрлеп сатылып жатыр деген ақпарат шындыққа
мүлде жанаспайды. Бүгін тілшілер сауалына жауап берген Ұлттық компания өкілдері
осылай деді. Халықаралық шараның билеттері аймақтардағы бюджеттік сала
қызметкерлеріне күштеп сатылып жатыр деген әңгіме шыққан еді.
Ақсұлу
Арзықұлова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғаммен байланыс департаменті директорының
орынбасары:
Біздің,
ЭКСПО-2017 ҰК тарапынан ондай тапсырма болған жоқ. Біз сондықтан, неше түрлі
әңгімелер болғандықтан, жедел желіні іске қостық. Билеттер ҰОС ардагерлеріне,
мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін. Көп балалы аналар, оқушылар мен
студенттерге 50 пайыз жеңілдікпен сатылады.
Сондай-ақ
ЭКСПО көрмесінің билеттері «онлайн» режимде және Астана мен Алматыдағы арнайы
кассаларда сатылып жатыр. Өзге өңірлер әзірге тек Меломан дүкендерінен және
Қазпошта филиалдарынан ала алады. Жалпы,
3,5 миллион билет сату жоспарланған, қазір 610 мыңдай билет сатылыпты. Оның 12
пайызын шет елдіктер алған. Билет құны 4 мың мен 8 мың теңге аралығында.
Ұйымдастырушылар
наурыз айынан бастап еліміздің барлық облысында және Ресейде ЭКСПО кассаларын
ашуды жоспарлап отыр. Билеттер сатылымы қыркүйектің 10 - ны, яғни көрме жабылатын
күнге дейін жалғасады.