Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жапонияда 9 миллионнан астам үй қараусыз қалған

AstanaTV
02.05.2024ж. 17:29
290
Жапонияда 9 миллионнан астам үй қараусыз қалған

Жапония халқының азаюы жапон қоғамы мен экономикасына да әсер етуде. Қазір елде 9 миллион үй бос тұр. Бұл туралы Bugin.kz jobsinjapan.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 "Акия" термині жапон тілінен аударғанда "бос үй" дегенді білдіреді. Заңды түрде, акия табу үшін үйдің жағдайы бағаланады. Оған сәйкес, жыл бойы тұрғындардың үйге кірмегені, су, жарық, газды пайдаланбағаны ескеріліп, үй "акия" деп жарияланады.

Бүгінгі күні Жапониядағы әрбір сегіз үйдің біреуі – акия, яғни қараусыз қалған үй. Оларды 4 түрге бөлуге болады: жалға берілетіндер, сатылатындар, екінші үйлер және т.б. Уақыт өткен сайын сатуға және жалға беруге арналған акиялар азайып, қараусыз қалған түрі көбейіп бара жатыр.

Негізінен, жастардың дәстүрлі жұмыс түрлерін таңдамай ірі қалаларға жұмыс істеуге және оқуға көшуінен үйлер қаңырап бос қалады. Ауылда тек қарттар тұрақтап қалған.

Ауылдық жерлерден халықтың көші-қонынан туындаған аймақтарда елес қалалардың пайда болуымен күресу үшін Жапония үкіметі кейбір бастамаларды алға жылжытуда. 2023 жылы үкімет жанұядағы әр балаға 1 миллион иен (6300 доллар) ұсынып, адам көп жиналатын Токиодан ауылдық жерлерге көшуіне мүмкіндік берді. Бұл ретте отбасы жаңа жерде кемінде 5 жыл тұруы, отбасы мүшелерінің бірінің қашықтан жұмыс істеу үшін болса да тұрақты жұмысы болуы немесе жаңа аумақта бастау үшін бизнес-жоспары болуы керек.

Үкімет мәліметтері бойынша, «акия» үйлерінің саны 2018 жылдан 2023 жылдың қазан айына дейін жарты миллионнан астамға өскен.

Бос үйлердің жалпы саны Жапониядағы барлық үйлердің шамамен 14 пайызын құрайды. Жапониядағы бос жерлерге ғимараттар салынған жерге қарағанда көбірек салық салынады. Сондықтан адамдар ескі үйлерді бұзбай, мұрадан бас тартады.

Дегенмен, шетелдіктер арасында Каминдік (дәстүрлі) үйлерге деген қызығушылық артып келеді. Олар бос жылжымайтын мүліктерді, әсіресе дәстүрлі үйлерді қолжетімді және әдеттен тыс тұру, демалыс үйлері немесе туристерге жалға беру опциялары ретінде бағалайды.