$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкенттегі «3-Энергоорталық» газдан ажыратылмайтын болды

AstanaTV
02.02.2017ж. 20:00
2131
Шымкенттегі «3-Энергоорталық» газдан ажыратылмайтын болды

Шымкенттіктер жылусыз қалмайтын болды. Шаһардағы негізгі жылу өндіруші мекеме көгілдір отыннан ажыратылмайды. Бұл жөнінде тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімінің өкілдері мәлімдеді. Әкімдікте салаға жауапты мекеме басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтіп, бір мәмілеге келген. Қордаланған қарызды өндіруде үш жақты кесте бекітілді.

Талғат Қасымбеков, Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

Келісім бар. Келесі айда ол график бойынша қалған суммаларды біз жабатын боламыз. «КазТрансГаз» түсіністікпен қарап бұл жағдайға ешқандай шектеу немесе тоқтату деген мәселе қаралған жоқ.

«КазТрансГАзАймақтың» өңірдегі филиалы жылу өндірушілерге қарызды қайтаруға екі апта мерзім берген. Дегенмен энергоорталыққа беріліп отырған газ мөлшері әлі де шектеулі. «3-ші ЭнергоОрталық» жылу температурасын сақтау үшін ыстық су мен электр энергиясын өндіру сынды шаруаларды  уақытша тоқтатқан.

Айта кетейік, жылу өндірушілердің газға қарызы қаңтар айының алғашқы жартысында 1 млрд 800 млн теңге болса, қазір бұл сома 2 млрд теңгенің үстіне шықты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ