Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды

AstanaTV
10.05.2024ж. 17:53
250
Президент "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Аталған жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді.

Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің критерийлерін әзірлеуді және олардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құру көзделген.

Екіншіден, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен оның еншілес компанияларында корпоративтік басқарудың дербестігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ олар жүзеге асыратын сатып алу процестерін жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылған.