Қазақстандық танымал продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова 10 мамыр күні оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-тың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтты.
Қазақстандық продюсер рэпермен бірге түскен суретін де жариялады. Онда Snoop Dogg-тың қазақша шапан мен бас киім кигенін көруге болады. Баян Алагөзова ұлттық киімдерді қазақстандық дизайнер Аида Қауменова тіккенін айтты.