Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ресей делегациясының басшысы: «Астана процесінде» қол жеткізілген келісімдер күшінде

AstanaTV
06.02.2017ж. 20:00
2806
Ресей делегациясының басшысы: «Астана процесінде» қол жеткізілген келісімдер күшінде

Ресей, Түркия және Иранның Сириядағы әскери амалдардың тоқтатылуын қадағалайтын бірлескен топ қағидасының жобасына келесі кездесуде қол қойылуы мүмкін. Ол 15-16 ақпанға жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагамедов мәлімдеді. Сирияда атыс-шабысты тоқтату мәселесі Астанада тағы қаралды. Бұл жолы Елордаға Түркия, Ресей және Иран делегациялары келді. Кездесуге сириялық оппозиция мен ресми Дамаск өкілдері қатысқан жоқ. Жиын қорытындысы бойынша, бұған дейінгі қол жеткізілген келіссөздердің күшінде қалатыны белгілі болды.

Станислав Гаджимагамедов, РФ делегациясының басшысы:

Жиынға қатысушылар Сириядағы атысты тоқтатудың жолдарын талқылады. Сонымен қатар, әскери іс-шаралардың толық тоқтауына тиімді бақылау жүргізу механизмдері мен қадағалау амалдары сөз болды. Арандатушылықтың алдын алу тетіктері де қаралды. Жиналғандар өзара сенім мен гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу сұрақтарына да назар аударды. Делегациялар Сирияда әскери амалдар толық тоқтауы үшін өзара ынтымақта болуға дайындықтарын білдірді. 

Гаджимагамедовтің айтуынша, Сириядағы қантөгісті тоқтатуға ниетті барлық делегация мүшелері Қазақстанға келіссөз алаңын ұсынғаны үшін ризашылықтарын білдірген. Айта кетерлігі, бұл жиын 23-24 ақпанда Елордада өткен Астана процесінің жалғасы болды. Сол кезде қарсылас тараптар атысты тоқтату режимін бақылауға алу үшін үш жақты механизм құруға келіскен еді.  


Айгүл ӘДЕПБАЙ