Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Алматы Су” қаладағы суық судың қай ауданда, қашан өшетіні туралы ақпарат берді.
16 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Саин – Райымбек даңғылы – Өтеген батыр – Төле би көшелерінің бойында су беру уақытша тоқтатылады;
16 мамырда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин – Мирная – Бұқтырма – Ақкербез шаршы көшелерінде суық су беру шектеледі;
17 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков – Абай даңғылы – Алматы Үлкен өзені – Сәтбаев көшесі, Алмалы ауданында Гагарин даңғылының контурында – Абай даңғылы – Қабанбай батыр – Құлымбетов көшесі – Брусиловский көшелерінде уақытша су болмайды.
“Білім беру объектілеріне автоцистерналармен су жеткізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға байланысты түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.