«ЭКСПО-2017»
көрмесі барысында еріктілер тегін тамақтандырылады. Бұл туралы «АСТАНА
ЭКСПО-2017» ҰК коммерциялық департаментінің бас менеджері мәлімдеді.
Еріктілердің жалпы саны 4500-дей болады
деген жоспар бар. Олар күніне 3 ауысымда қызмет көрсетеді. Еріктілер үшін әр қайсысы 1500 орындық 3
бірдей дәмхана қызмет етеді.
Балжан
Мұхаммеджанова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК коммерциялық департаментінің бас
менеджері:
Қазіргі
таңда 3 дәмхана бойынша біріңғай оператор анықталды. Тағамның орташа бағасы 700-800 теңгеден.
Олардың тамақтануына бюджет қаражат бөлінген.
Ал
көрме қонақтарын тамақтандыру әрқилы болмақ. Әр ұлт өкілдерінің асханасынан
өзге, қазақ дәмханалары да болады. Олардың бағасы қаладағы дәмханалардағыдай
болады деген жоспар бар.