Елордада "Жасанды интеллект - еңбек нарығының трансформациясы" атты республикалық форум өтті. Шараға еліміздің әр аймағынан, шет мемлекеттерден 200-ге жуық адам қатысты. Онда тематикалық көрме мен бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті. Басты мақсат - жасанды интеллекттің еңбек нарығына қазіргі және болашақ жағдайына әсерін талдау, технологияларын дамыту контекстінде еңбек қатынастарын бейімдеу және мамандарды дайындау. Шара Астана политехникалық жоғары колледжінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Майра СЕМБИНА, АСТАНА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Еңбек нарығын қазіргі таңда жасанды интеллектсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі таңда студенттерге өте көп құзыреттілік беруіміз керек. Білім беру аясында. Сондықтан да біздің колледж білім беру бағдарламаларын, модульдерін, кәсіптік модульдердің ішінде жасанды интеллектті қолдану. Одан кейін онымен жұмыс істеу пәндерін енгізіп отыр.