$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салынып жатыр

17.05.2024ж. 20:00
637
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салынып жатыр

Қостанай облысы Жангелді ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салынып жатыр. Тәуіш және Көлқамыс ауылдарында 41 баспана тұрғызу жоспарланған. Оған бес құрылыс компаниясы жұмылдырылды. Бір үйдің ауданы -80 шаршы метр. Баспананың құны -29,5 миллион теңге. Баға ауданның алыстығы мен логистиканың күрделілігін ескере отырып бекітілген. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры үйлердің құрылысын жобалау және техникалық қадағалау қызметтерін төлейді. Бұл олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді дейді мамандар. Бұған қоса, тұрғындарға 10 гектар жер беріледі.