"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.