$446.56 €512.34 ₽5.3
×

21 қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі

21 қыркүйекте Халықаралық бейбітшілік күні атап өтіледі
ОКҚ

Бұл күнді 1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекітіп, бүкіл адамзатты татулыққа, ынтымақтастыққа және сындарлы диалогқа үндеді. Дәл осы құндылықтар кез келген қиындықтар мен сын-қатерлерді еңсеруге, тұрақты болашақ құруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін тұрақты түрде қосып келеді. Еліміз бейбіт бастамаларды ұсынып, БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысады және диалог мәдениетін ілгерілетеді.