Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Жас Отан» жастар қанатының «Кеңес орталығы» жастар көп шоғырланған жерлерде қызмет көрсетуге көшті

AstanaTV
09.02.2017ж. 20:00
4368
«Жас Отан» жастар қанатының «Кеңес орталығы» жастар көп шоғырланған жерлерде қызмет көрсетуге көшті

Жасотандықтар халықтың мәселесін тыңдаудың басқа амалын тапты. Бүгін Қостанайдағы денсаулық сақтау саласы, қалалық жұмыспен қамту бөлімі және банк өкілдерінен құрылған топ ірі сауда орталығында болып, тұрғындарға тегін қызметтерін ұсынды. Соңғы 3 жылда жасотандықтар «Кеңес орталығына» келген 6 мыңнан астам адамға қолдау көрсеткен. Енді игі шараны халық көп шоғырланатын жерлерде өткізуді қолға алып отыр.

Ерлан Төлетаев, «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының төрағасы:


Көбінесе тұрғындар бір жерге арнайы барып кеңес алуға уақыт таппайды. Сондықтан біз осындай көшпелі тегін қызмет көрсету шарасын қолға алдық. Мәселен, сауда орталығынан зат алуға келген адамдар бізге жүгініп, денсаулығын тегін тексертіп, жолдауда басымдылық берілген «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мағлұмат алуларына болады.

Бүгін атыраулық жасотандықтар да сауда орталықтарына барып, президенттің жолдауындағы басымдықтарды түсіндірді. Жұрт жұмыспен қамту, үй мәселесі және тағы да басқа мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес алды. Атырауда 2014 жылы 3 жерде «Кеңес орталығы» ашылған. Мұнда күн сайын 15 шақты тұрғын тегін қызмет алады екен. Орталықта тегін медициналық көмек, түрлі салалар бойынша кеңес, қаладағы бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ала алады.

Ринат Ғилажев, «Жас Отан» ЖҚ Атырау облысының атқарушы хатшысы:

Кеңес орталығының сауда орталығында ашылу себебі қазір тұрғындардың бәрі күнделікті шаруасымен базарға көптеп келеді. Олардың жәй уақытта, жұмыспен қамту болсын, басқа жерге барып, кеңес алатын уақыттары болмайды, осы кеңес орталығына келгенде ыңғайлы.