$448.44 €514.81 ₽5.33
×

Автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Автобус пен жүк көлігі соқтығысты
фото скрин

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүруде

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды AstanaTV.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат «Шанхайский» деп аталатын көпір маңында болған. №11 бағыттағы Yutong маркалы маршруттық автобус пен ЗИЛ жүк көлігі соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен қоғамдық көлік жолаушылары ауруханаға түсті. Қазір осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.