$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жартысына жуығы баспаналы болды

20.05.2024ж. 20:00
362
Қостанай облысында  су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жартысына жуығы баспаналы болды

Қостанай облысында топан судан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары жалғасуда. Бүгін тек Қостанай ауданы бойынша 74 отбасы жаңа қонысқа көшті. Жөндеуге келетін қара шаңырақтар қалпына келтіріліп жатыр.Жаңа үйлер құрылысы да қарқынды.

Алтынсарин ауылының тұрғыны Күлбағыш Байғожақызының баспанасы алты күн су астында тұрған.Шатырға дейін жеткен қарғын су қара шаңырақтың қабырғасын құлатып, тұрмыстық техника мен үй жиһаздары істен шыққан. Дүние-мүлкінен айрылып, қол қусырып қалған отбасыға Қостанайдан 3 бөлмелі пәтер берілді.

Күлбағыш ЫНТЫҚБАЕВА,ЗЕЙНЕТКЕР:

Ремонты күшті.Өте ұнап отыр бізге.Сапалы.Балалар ойын алаңы,балабақша бар.Бәрі мақтап жатыр.Емханада да осында бар.Балаларға мектеп те керек.

Қала іргесіндегі Қостанай ауданынан 74 отбасы жаңа қонысқа көшіп үлгерді. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарға құтты болсын айтып, хал-жағдайын сұрап қайтты.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бүгінгі күні жалпы 475 үй біздің облысымыз бойынша жарамсыз деп есептелді. Соның 208 сатып алынды.Бұл 43,7 процентті құрайды.Жартысы. Соныдықтан біртіндерп осы аптада тағы да бірнеше үй сатып аламыз.Осылай тез арада бір айдың ішінде көп азаматтар жаңа үйлерге қоныстанады.

Президент тапсырмасына сәйкес тасқынға тап болған тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Қостанай ауданындағы отбасыларға мүлік шығыны мен әлеуметтік көмек ретінде 191 миллион теңгедан астам қаражат берілген.Ал үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 15 маусымда аяқталады.Амангелді және Жангелдин ауданында 88 жеке тұрғын үй құрылысы қарқын алды.Арқалықта 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды. Қостанайдағы Қонай шағын ауданында 15 үй салу жоспарда бар.