Қайғылы жағдайдың себебі тергеу барысында анықталады
Ақтауда өндірістік жұмыс кезінде жазатайым оқиға болып, «Қазақтелеком» қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды AstanaTV.
— Ақтауда жұмыс жүргізу кезінде жазатайым оқиға орын алып, соның салдарынан компания қызметкері қаза тапты. Қаза болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Отбасына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар компанияда қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер аясында тиісті төлемдер қарастырылған, — деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.