$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

AstanaTV
20.05.2024ж. 21:18
1069
Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

20 мамырда Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы аудан тұрғыны арызданды. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10:00 шамасында оның 15 жастағы қызы жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты.

Өзі іздеп таба алмағандықтан, полицияға жүгінуді жөн көрген. 15 жастағы ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу іске кірісіп, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді. Кезекші тәулік ішінде жоғалған қыз Талапкер ауылының бір көшесінен табылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.