$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ақылды адамдар тойға бармайды": Омар Жәлелдің ойы көпшілікті тағы шулатып жатыр

AstanaTV
21.05.2024ж. 17:11
1057
"Ақылды адамдар тойға бармайды": Омар Жәлелдің ойы көпшілікті тағы шулатып жатыр

Белгілі абайтанушы Омар Жәлелұлы Қазақстандағы той жасау дәстүрі бизнеске айналып кеткенін айтып, қазақы менталитет туралы пікір-пайымын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұрын тойды тек байлар жасаса, ал қазіргі тойлар ақша жинаудың бір түріне айналып кеткен.

“Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді” – дейді Омар Жәлелұлы.

Сондай-ақ, ол көршілес Өзбекстанның тойларынан мысал келтіреді.

“Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы”, – дейді ғалым.

Ғалым Қазақстанда аптаның жеті күнінде де өте беретін тойларды сынға алып, ақылды адамдардың тойға бармайтынын айтты.