$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда алаяқтарға қарсы антифрод тетігі енгізіледі

AstanaTV
21.05.2024ж. 22:55
839
Қазақстанда алаяқтарға қарсы антифрод тетігі енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Бұл нормативтік құжат басқару орталығы Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан байланыс желілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін елге жабдық әкелуге тыйым салады.

Сонымен қатар заңда антифрод-тетігі енгізілді. Оның аясында интернет-алаяқтыққа және қаржы ұйымдарын заңға қайшы мақсаттарда пайдалануға қарсы шара қолданылады.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін автоматтандыруға, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға арналған денсаулық сақтау интеграциялық платформасының жұмысына қатысты мәселелер реттелді", - делінген ресми хабарламада.