Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстандық спортшы тасжолдағы велоспорттан ерлер арасында жекелей сында 41 минут 24.05 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын жүлдесі. Сонымен қатар, Алексей Луценко жазғы Азия ойындарында бес дүркін чемпион атанды. Ол осыған дейін Инчхон (2014жыл), Джакарта (2018 жыл) және Ханчжоу (2023 жыл) Азия ойындарында төрт алтын медаль жеңіп алған болатын.