$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Модернизация 3.0 Театр да қолдайды.

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
2084
Модернизация 3.0 Театр да қолдайды.

Биылғы жазбаша Жолдауда мынадай міндеттер көрсетілген.

...Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

...Біздің ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.

...Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

Міндеттердің ауқымына, мазмұнына, күрделілігіне қарап, бір –ақ сауал туады – осыларды іске асыруға жоғары атқарушы билік дайын ба? «Дайын ба?» деген сауалдың таратуға да болады – қарымы, білігі жете ме? – деп... 

Бақытгүл Қамбар,  «Экономикалық зерттеулер инситуты» АҚ реттеуші ортаны реттеу орталығының директоры:

Үкімет дайын болуға тиіс деп ойлаймын. Себебі Үкімет кез келген қабылданып жатқан құжаттардың, Елбасы қойған тапсырмалардың негізгі операторы болып саналады. Елбасының айтқан сындары бұл әрине, атқарылған қызметтердің нәтижесіне байланысты. Сондықтан егер ары қарай көштің басшысы қандай болса, еретіндер де беретін нәтиже де соған байланысты ғой. Сондықтан Үкімет бұған дайын болуға тиіс деп ойлаймын.

«Азаматтар сауатты, өздері оқып, ұғып алады» дегенмен, Жолдауды талдау үрдісі бар. Мысалы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры да қалмады.

Әубәкір  Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер: 

Кез - келген экономикалық өрлеу ол халықтың сана-сезіміне байланысты, рухани байлығына байланысты. Сондықтан мұнда айтылған әрбір саланың мәдениетке байланысы бар. Өйткені мәдениет қашанда елдің бет-бейнесін көрсететін үлкен орын.«Мәңгілік ел» деген атауға лайықты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Бұл тұста театр өнерінің атқарар міндеті өте зор. Осы ойлардың барлығын, жасап жатқан жұмыстарымызды жаңа бір белеске көтеруіміз керек. Өйткені, біздің болашақта өмір сүретін ұрпақтарымыздың барлығы қандай болу керек? Біздің «мәңгілік ел» деген атауымызға, анау ата-бабаларымыз салып кеткен, қалыптастырып кеткен ұлы мақсат жолына біз лайық болуымыз керек. Міне, осы мәселелердің барлығы театрдың көтеретін жүгі.

Ерлан Біләл, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры: 

Театр болғаннан кейін елімізде жасалған экономикалық саяси жоспарлардың баршасы біздің тыныш-тіршілігімізге бірден бір өзінің ықпалын тигізеді. Егер экономикамыз болмаса, егер саяси бағытымыз дұрыс болмаса, бізге қайдағы театр, қайдағы өнер, қайдағы шығармашылық. Сондықтан осы орайдан келген кезде біздің тетрда өзіміздің осы ойларымызды, идеяларымызды жоспарлап шығаруға, гастрольдік сапарларға баруға, шетелге шығуға соның бәріне жағдай жасалған, яғни қаржыландыру, өте биік деңгейде. Сондықтан әлі де алдымызда жоспарлар бар, оларды жүзеге асырамыз деп отырғанымыздың бірден -бір айғақ дәлелі осы.

Ертең EXPO-ға дүниежүзінен, бүкіл әлемнен келген қонақтарымыз біздің ұлттық құндылықтарымызды көруі керек, ұлттық табиғатымызды танып білуі қажет. Осы орайда біз өзіміздің классикалық шығармаларымызды, тарихи драмаларымызды назарға ұсынсақ деп отырмыз. Бұның ішінде жаңағы 2-3 спектакліміз арнайы жоба, ал оның сыртында тағы да 6-7 спектакль. Астанада апталық өткіземіз, EXPO-ға арналған.