$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жылыой ауданы әкімдігінің алдында бірнеше күн тұрған құлсарылық тұрғындар тарады

22.05.2024ж. 20:00
796
Жылыой ауданы әкімдігінің алдында бірнеше күн тұрған құлсарылық тұрғындар тарады

Жылыой ауданы әкімдігінің алдында бірнеше күн тұрған құлсарылық тұрғындар тарады. Су тасқынынан баспанасы бұзылғандар 15-мамырда өз талаптарын айтып алаңға жиналған еді. 

Қос тарап бейбіт жиналыста бір мәмілеге келді. Қазір шатырлары жиналды. Қаладағы барлық қоғамдық орын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Мобильді топтар зардап шеккен тұрғындарға залалды бағалау нәтижесімен таныстыруды жалғастыруда. Тұрғындарға №20 мектепте және 109 байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік кеңес беріліп жатыр.