$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тапшы

22.05.2024ж. 20:00
527
Елімізде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тапшы

Елімізде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тапшы. Дәл қазір 300 орын бос тұр. Неге ол орынға маман табылмай жатыр? Тілшіміз айтады. 

Бұл өрт сөндіру бөлімінің ашылғанына үш ай болған. Қазіргі таңда арнайы мамандандырылған көлікті жүргізетін маман жетіспейді. Сала бойынша жүргізуші қызметіне 4 орын бос.

Гүлнәр БЕЙСЕНОВА , ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Көбісі осы қызметке келгенде ойлайды тек өрт сөндірушілік жұмысқа келіп жатырмын деп.Бұл жерде біз өрт сөндіруші,құтқарушы маманы оның ішінде біздер құқық қорғау органы қатыстымыз. Яғни олар өрт оқиға орнына да және басқа да төтенше жағдайлар орындарына құтқару жұмыстарына шығады.

Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салада маман тапшылығы бұрыннан бар. Жыл сайын арнайы конкурс өткізіледі, оған 35 жасқа дейінгі жастар қабылданады. Бірақ, олардың көбі талапқа сай келмейтін көрінеді.

Манас ӘЛІМБАЕВ, ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Өрт сөндіру автокөліктерін жүргізу үшін ең бірінші жүргізудің категориялары болу керек. Б және С деген. Сондай категория қазіргі жастардың көбісінде жоқ.Сол себепті жоқ деп ойлаймын.Өрт сөндіру автокөліктері үлкен машиналар біз қазір мынау үлкен қалада тұрғаннан кейін жауапкершілігі мықты сондай кісі керек.

Елімізде биыл 150-ге жуық табиғи өрт болған. Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдарының күшімен олар ауыздықталған. Қазір уш жарымға жуық арнайы автокөлік бар.Бірақ, әлі де жетіспейді дейді мамандар.

Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі таңда 700-ге жуық өрт сөндіру автокөліктері 20 жылдан астам пайдалану мерзімі өтіп кеткен.Сол себептен 700ге жуық бізге автокөлік қажет.

Синоптиктердің болжамынша, биыл жаз өте ыстық болады. Өрт қаупі жоғары. Сондықтан техника мен жүргізуші мәселесі-өзекті.