$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Ниет пен мүмкіншілік. Мектептердегі шкаф, интернет және ауыз су мәселесі

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
2226
Ниет пен мүмкіншілік. Мектептердегі шкаф, интернет және ауыз су мәселесі

Мектеп оқушыларын шкаф, интернет және ауыз сумен қамтамасыз етуге Білім және ғылым министрі құлшыны-ақ отыр. Осы аптадағы үкімет отырысында Ерлан Сағадиев әрбір оқушыға шкаф қою жоспарымен бөлісті.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Оқушыны оқулық, аяқ киім, спорт киімдерін салып қоятын шкафпен қамтамасыз ету керек. Бұл әлемдік тәжірибе. Мұны біз мектеп директорларымен, санэпидемстанция, өрт сөндірушілермен ұзақ талқыладық. Егер солай етсек, көптеген проблема шешілер еді. Оның ішінде ап-ауыр сөмке арқалау мәселесін де. Шын мәнінде әрбір балада жеке шкаф болуы керек. 

Биыл бастауыш сынып оқушыларын қамтамасыз ету ниеті бар. Әрі қарай жоғары сынып оқушыларын. Министрліктің тағы бір жоспары – әрбір сыныпты интернетпен қамту. Дәлірегі әрбір сыныпқа Wi-Fi орнату. Ал өте маңызды міндет – көп мектепте әлі күнге дейін таза ауыз су жоқ! Министр қалалардағы мектептерде фильтр орнтауды, ауылдарда су диспенсерлерін қоюды ұсынды. Менің есіме мектепте оқып жүргенде білім ошағында ішетін су болмағасын, мектептің жанындағы үйлерді жағалап су сұрап жүретініміз түсті. Олардың біріндегі апалар мейірімді, бірі... Бірақ көбі мейірімді етін. Жаздың күндері мектепке көрші үйлердегі су құйылған құдыққа барып, қауғадан-ақ ішіп тұрып беретінбіз. Бұл енді өзгермеген картиналар туралы.
Сонымен Білім министрі қосымша қаржы сұрады. Проблемаларды шешуге жергілікті бюджеттерді де тартуды айтты. Әйтсе де Премьер-министр сентимент емес. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Сіздер бүгін әкімдерге кейбір мәселені қаржыландыру бойынша көп міндет артып тастадыңыздар. Сондықтан мұқият қараңыздар. Бүкіл мектепті шкафтармен, фильтрлермен алғашқы жарты жылда қамтамасыз ету міндеті тұрған жоқ. Ал жалпы, ережелерге өзгеріс енгізу керек - жаңа мектеп салғанда жаңағы нормалар бірден жоспарлануы тиіс.     

Яғни әрбір балаға шкаф, әрбір сыныпта интернет және әрбір мектепте таза ауыз су қою алдағы 2,3 тіпті 5 жылдықта шешілмейтін сияқты...