$544.87 €639.02 ₽6.88
×

«Көлігінің нөміріне "Россия", "СССР" деп жазып алғандарды жазалаңыздар»...

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
3440
«Көлігінің нөміріне "Россия", "СССР" деп жазып алғандарды жазалаңыздар»...

«...Көлігінің нөміріне  "Россия", "СССР" деп жазып алғандарды жазалаңыздар. Елдің біртұтастығына қауіп төндіргені үшін айыппұл саламыз деңдер. Болмаса, пәтер де менікі. Салығы төлеулі. Әкем, не басқа туысым келіп бір ай жатам десе, мен неге мемлекетке 23 мың төлеуім керек?»

Саламат Омаш жүргізетін «Дөп сөз» айдарының кейіпкері Айсұлтан Жақыпов. Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданының тумасы.

Саламат Омаш: «Ағайын жат болады алыс болса, жат та жақын болады, таныс болса. Дұшпан түгіл достарың табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса». Шал ақынның айтқаны осы. Бүгінгі кейіпкеріміз Айсұлтан Жақыпов та туыстық ұғым туралы көп жазады. Ол өз жазбаларында жеті атадан емес, екі атадан кетісетін күн туа ма,- деп алаңдайды.

Ұлтымызда туыстық институт жойылып бара жатыр. Себебі әжелер институтының жоғалғанында жатқан шығар. Әженің бауырында болған ағайындылардың балалары  бір-біріне жанашыр болады. Қазір алдыңдағы ағаңның немесе артыңдағы ініңнің баласына «тәйт» деуге қорқасың. Себебі, қазір ата-аналар балаға болысқыш болып алған. Қалада туысы бола тұра студенттер оның үйінде жатпайды. Ауылдас балалар бірге пәтер жалдайды. Осыдан келіп түрлі қылмыстар туындайды. Қазақ жеті атадан емес, екі атадан кетісетін күнге жетіп қалғандай. Әке, бала, туажат...

Саламат Омаш: Айсұлтан Жаңа-арқаның қымызын ішіп өскен жігіт. Өзі туралы «арақ ішпейді, шылым шекпейді, насыбай атпайды» деп жазады. Қазір Қарағандыдағы Қали Байжанов атындағы концерт бірлестігінде редакторлық қызметте.

"Менің атым Қожа", "Жүйрік болсаң озып көр", "Алты жасар Алпамыс" деп балалар киносын санай берсек қазақтардың бұл саладағы еңбегіне арақ ішіп, далада ұйықтап қалып, 2-3 саусағын үсітіп алған маскүнемнің де бір-екі саусағы артық қалады-ау. Бұның барлығы өткен дәуірдің еншісіндегі дүниелер. Қазір аузымызды қу шөппен сүртіп жүре беретін секілдіміз.

Айсұлтан Жақыпов: Жабырқаған сәттерімде, сағынған кездерде ауыл туралы жазамын.

Дүкендерден әдемі көйлек көрген кезде Жанайым: "Әке, үйленші. Мынаны тойға киейін" – дейді. Үйленейін десем келіншегімді қимай, үйленбейін десем қызымның сөзін қимай жүрмін. Қыз бала жанашыр, әкеге жақын болады деген рас, негізі. Қызыма мамасының кей ескертулері жақпай қалса "басқа мама алу, ауылына апарып тастау" секілді өткір мәселелерді көтереді.

Саламат Омаш: Қазір қоғамда жасөспірімдерге қатысты жаңа қауіп пайда болды. Әлемдегі ең үлкен жануар, «Қызыл кітапқа» енген көк киттің не қатысы бар екенін біз де түсінбедік, бірақ әлеуметтік желіде осындай атпен өлімге итермелейтін бір бәле шыққан. Әйтсе де Айсұлтан тақырыпты басқа жаққа бұрыпты.

-Қазақтың балаларымен «синий кит» ойнап керегі жоқ екен.
-Неге?
-Кешеден бері отыз балаға «адресіңді білем, әке-шешеңді өлтірем» деп хат жазғам ғой. Соның жиырма тоғызынан «Квартира біздікі емес, біз жалдап тұрамыз. Ертең көшеміз. Сен бізді таба алмайсың» деген жауап алдым.

Саламат Омаш: Айсұлтан қабылданып жатқан заңдарға да бей-жай қарамайды. Жалпы халыққа не керек екенін халықтың ортасында жүрген адамнан артық ешкім білмейді. Олар жалған жазбайды. 

Айыппұлмен бюджеттің бүйірін толтыру керек болса небір елге пайдалы заң шығаруға болады ғой. Мәселен, көлігінің нөміріне  "Россия", "СССР" деп жазып алғандарды жазалаңыздар. Елдің біртұтастығына қауіп төндіргені үшін айыппұл саламыз деңдер. Болмаса, пәтер де менікі. Салығы төлеулі. Әкем не басқа туысым келіп бір ай жатам десе мен неге мемлекетке 23 мың төлеуім керек?

Айсұлтан Жақыпов: Маған фейсбуктың бергені, кейбір газеттерде, арналарда айта алмайтын, жаза алмайтын ойларды осында айтып жүрміз.

Құрбан айтта «бейшара қойлар» деп жасанды нәзіктікке жол бермеңдерші. Иә, бір жағынан сіздердікі де дұрыс. Алаңсыз жайылып жүрген қойды сирағынан сүйреп әкелдік те "Алланың разылығы үшін" деп соя салдық. Оның көк майса шөпте әлі де жайыла тұруы керек еді. Қозысының қой, я қошқар болғанын көре алмай кетті. Шөбересінің аузынан шөп жей алмай кетті. Ау, достар, екіжүздісіңдер. Әйтпесе, сол байғұс қойларыңыздың жайылымдары сатылып кете жаздағанда неге шырылдамадыңыз? Пышақтан емес, аштықтан, шөлден күн сайын қаншама қой өлер еді ғой. Енді келіп қойға адвокат болмаңыздаршы. Қойлар мұны білсе, беттеріңізге түкірер еді.

Саламат Омаш: Қазақстан биыл Венесуэладағы экономикалық дағдарысты жою үшін Оңтүстік Америка елдері қатысатын дүниежүзілік форумға төрағалық ететін болды. Әзірге Қазақстан тарапынан қанша шығын кететіні белгісіз, бірақ елдегі шенеуніктер мен депутаттардың сөзінше, Венесуэла халқының тыныштығын сақтау басты мақсаттарымыздың бірі...

Бұл шындық емес, әрине. Бірақ осы іспеттес ақпараттарды естіп жүрген шығарсыздар. Біздің билік әлемдік деңгейде көп ойланатыны рас.

Ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ойлауды қояйықшы. Ғаламдық деңгейде ойланайық. Жер шарын ойлайық. Ақ аю, цеце шыбыны жайлы ойланайық.  Әуелі Сирияны тыныштандырып, қалпына келтіріп алайық. Мұнайшылар, құлаған үй сынды кәкір-шүкірді ЭКСПО-дан кейін реттеп аламыз.

Саламат Омаш: Универсиада да аяқталды. Екінші орын, ол да оңай емес. Олимпиада ойындарына да осы студенттерді қатыстырсақ қалай болады екен? Әлде орынға ілігу үшін жарыстар тек Қазақстанда өту керек пе? 

Жақыпов деген фамилия керек болса Токиода өтетін Олимпиадаға Жақыпов Біржанның орнына мені, Тінәлиев деген керек болса Әбүйірбек Тінәлиев ағамызды апаруды ұсынамын. Ешкім ештеңеден ұтылмайды. Туристің туристен несі артық? Бір чемодан жүгі артық дегендей ғой.

Айсұлтан Жақыпов: Фейсбуктағы достарыммен араласамын. Әсіресе, мәдени саладағы адамдармен.

Начало формы

Әлем футболындағы жеңістерді,  номинацияларды тамашалап отырмын. Жеңімпаздар жеңісін президенттеріне арнамайды екен.

Саламат Омаш: Спорттық шараларға келгенде қызықпыз, осы. Әнұран айтылып жатқанда ұялы телефон ұстап жүгіріп жүрген адамдар, сегіз жылдан кейін жойылып кете беретін чемпиондық атақтар. Біреуді ұрып құлатып, шенеунікке ауысып жатқан спортшылар... Елу жылда ел жаңа, күтейік. Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады!