Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қақаған қыста қоршау жуу..

AstanaTV
11.02.2017ж. 20:00
2497
Қақаған қыста қоршау жуу..

Қақаған қыста Қостанайдың көше тазалаушылары жалаңаш қолдарымен қоршауларды жуған. Міне, мына суретке қараңыз: көшедегі қоршауды жалаңаш қолдарымен жуып жатыр.

Алла Семкина, «Таза жол» жшс жұмысшысы: 

Біз өзіміз сұранған жоқпыз. Себебі өте қатты суық болды. Қолымыз үсіп, жылағандай болдық. Бірақ әкімдік бізді мәжбүрлеген жоқпыз дейді. Білмеймін. Нақты кім тапсырғанын білмеймін. Алайда біз өзіміз емес. Өйткені айтып тұрмын ғой, өте суық болды.

Мұның жария болғаны - Қостанай облысының әкімі жиналыста өзі айтқан, жаңағы фотосуретті айғақ ғып көрсетіп. Қарамағындағыларға «мынау дұрыс емес» деген ғой... 

Наталья  Исанова, «Таза жол» жшс бригадирі: 

Тапсырма түссе, жуамыз. Себебі жоғарыдан – Астанадан бастықтар келуі мүмкін. Егер қоршаулар лас болып тұрса, жаман көрінеді ғой.

Саршұнақ аязда жалаңаш қолмен қоршау жуғызу деген адамшылықтың жоқтығын ғана емес, бассыздықтыкөрсетеді. Тереңірек үңілгенде шошытатыны – үсіп кетсе де, көну - тапсырманың орындалуы. Және «жоғарыдан бастықтар келсе, лас болып тұрса, жаман көрінеді ғой» деп, бұл жарлықты соншалықты сөкет көрмеу. Біздің болмыс...

Қостанайда қала көшелерінің  тазалығына жауап беретін төрт мекеме бар. Әкімнің суретіндегі әйелдер  «Таза жол» кәсіпорнының  жұмысшылары. Кәсіпорында  100-ге тарта адам жұмыс істейді. Айлықтары орташа есеппен 52 мың теңге. Жұмысшыларға желеткеден басқа арнайы киім берілмейді. Ал енді мына ақпаратты тыңдаңыз - The Sun басылымына сілтеме жасап «Тенгриньюс» порталы АҚШ-ң Сан-Францискосындағы метрода тазалаушы болып істейтін  Лян Чжао Чжан есімді азаматтың жылына 230 мың доллар табатынын жазды. Бірақ ол тәулігіне 17 сағат және демалыссыз істейтін көрінеді. Оның ресми жалақысы жылына 58 мың доллар. 14 мың долларды компания оған бонус ретінде төлейді екен. Ал 162 мыңды жүктемеден көп істегені үшін алған. Бастықтарының бірі Чжан ешқашан жұмыстан бас тартпайтынын айтқан. Соңғы үш жылда ол 680 мың доллар табыс тапқан көрінеді. Бұл ақпарат рас па, өтірік пе? Анығы – оларда жұмыс лайықты бағаланады.