$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Маңғыстауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтіргені рас па?

AstanaTV
23.05.2024ж. 14:06
367
Маңғыстауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтіргені рас па?

Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты «Адай» базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz тілшісі.

Тілшіміздің сенімді дереккөзі оқиғаның кеше түнде болғанын жеткізді. Оның сөзінше такси жолаушыны алып кетуге барғанда сөзі жараспай төбелес басталып кеткен. Ақырында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, үйіне кетіп қалған. Жолаушыда да пышақ жарақаты болған. Артынша облыстық ауруханаға түскен. Ал облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі кеше 1979 жылы туған науқас іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін мәлімдеді.

- Сынама алынып, кеше түнде 22.20-да ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы.

Ал өңірдің полиция департаменті әзірге ресми хабар бермеді.