$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Атырау маңындағы су бөгеті бұзылды

AstanaTV
24.05.2024ж. 15:00
584
Атырау маңындағы су бөгеті бұзылды

Атырау жедел штабы судың көптігі мен қатты желдің салдарынан қала маңындағы Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылғанын мәлім етті. 

"Соколок" каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі. Бұған байланысты канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Сонымен қатар екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылады.

"Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді", – деп толықтырды штаб.