$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Үндістанның Керала штатында нөсер жауын мен найзағайдан 11 адам қаза болды

AstanaTV
25.05.2024ж. 18:38
537
Үндістанның Керала штатында нөсер жауын мен найзағайдан 11 адам қаза болды

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жауын салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады Синьхуа.

«Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты», – деп мәлімдеген.