$453.64 €508.17 ₽5.59

Шымкентте TikTok-та балағат сөздер айтқан стример жауапқа тартылды

02.11.2026ж. 20:17
Шымкентте TikTok-та балағат сөздер айтқан стример жауапқа тартылды
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды  Astana TV. 

Шымкентте жүрген Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны Назерке Әділ тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытқаны белгілі болды. Аталған азамат қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция ескертеді: мұндай құқыққа қайшы әрекеттер назардан тыс қалмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзу жайты үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.