$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Елорданың базарларында шетелдік картопты отандық өнім ретінде саудалап жатыр

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
2703
Елорданың базарларында шетелдік картопты отандық өнім ретінде саудалап жатыр

Елорданың базарларында шетелдік картопты отандық өнім ретінде саудалап жатыр. Бұл туралы «Атамекен» палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында айтты.

Оның хабарлауынша, соңғы бес жылда жыл сайын біз елге 16 млн доллардың  картобын әкелеміз. Бұл аздай, өзіміз сұраныстан артық өсіріп отырған көрінеміз. Сонымен қатар жыл сайын 36 млн долларға сиыр етін, макарон өнімдерін 50 млн долларға әкелеміз. Қызанақты 70, қырыққабатты 14 млн долларға жеткіземіз.

Нұржан Әлтаевтың есебінше, 3 млрд доллардың азық-түлігін шеттен тұтынамыз. Ал мұндағы 2 млрд өнімін өзіміз өндіре алады екенбіз. Киви, банан, ананас сынды тропикалық жемістерді 900 млн долларға сатып аламыз.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:


Маусым аралықтарында картопты Пакистаннан әкелеміз. Оны қазір базарларда Макинка мен Павлодардікі деп сатып жатыр. Ал, шын мәнінде, ол басқа елден жеткізіледі. Картоптің экспорты көп емес, біз сатқаннан да көбірек сатып аламыз.

Мұның бәрі шаруалардың базар сөрелеріне өнімдерін тікелей жеткізе алмай, араға делдал түсіп отырғанының кесірінен, деп атап өтті Әлтаев. Жауыр болған мәселені шешу үшін көтерме үлестіру орталықтарын ашу қолға алынған. Биыл Алматыда осындай орталықтың бірінші кезегі іске қосылады. "Атамекен" өкілінің айтуынша, ЭКСПО көрмесі жақын қалғанын ескерген әкімдік қонақтар мен қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көтерме үлестіру орталығының мәселесін шешу үшін 2 млрд теңге бөлген. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ