Негізгі / Жаңалықтар / Мәжіліс депутаттарының Жолдауды түсіндіру жұмыстары аймақтарда жалғасты

Мәжіліс депутаттарының Жолдауды түсіндіру жұмыстары аймақтарда жалғасты

Атырау облысына ат басын бұрған мәжіліс депутаттары 7 аудан мен 9 елді мекендегі 30-дан астам еңбек ұжымымен кездесті. Олар Жолдау "Қазақстан-2050" стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болатынын айтты. Бір апта бойы халық пен еңбек адамдары арасында болып, пікірлескен халық қалаулылары аудан, ауылдардың әлеуметтік жағдайының көтерілгенін, оларды жеке адамның проблемаларынан гөрі, ұлттың, елдің қамы алаңдататынын айтып отыр.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Жолдаумен қатар Елбасының үндеуінде билік тармақтарының бөлінісі, оларға көрсетілетін әлеуметтік көмектеріміз, зейнетақы реформалары, сондай елдегі, қазіргі медицинадағы, білім саласындағы өзгерістерді де теміржолшылар кең талқыға түсірді. Бүгінгі таңда халықтың соншалықты жан-жақты қаруланып, жан- жақты сауаттанғандығының тағы бір көрінісі Парламент қабырғасындағы заң  жобасын талқыға түсірді.

Ал Жамбыл облысына барған бір топ депутат Аса ауылындағы «Амангелді Газ» серіктестігінің еңбеккерлерімен кездесіп, жолдаудағы басым бағыттарды түсіндірді.

Байділдә Жылқышиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Көп жағдайларда жұмыс істеймін деген ниеті бар адамдар болатын болса, мүмкіншілік туындайды. Қызмет көрсету жағынан, электр энергиясын жеткізу, жолдар, транспорт, логистика - осы мәселелердің бәрін де қарастырып, мүмкіншілігінше, шығынды төмендету. Бизнеспен шұғылданамын деген азамат болатын болса немесе бизнесімді ары қарай дамытамын деген азамат болса, 16 млн теңгеге дейін несие алуға болады.