$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматыда жылудан қағылған тұрғындар коммуналдық мекемелерді айыптады

AstanaTV
10.02.2017ж. 20:00
2368
Алматыда жылудан қағылған тұрғындар коммуналдық мекемелерді айыптады

Алматыдағы үйлер дер кезінде жөнделмегендіктен, жылу сыртқа шығып кетіп жатыр. Мониторинг жүргізген коммуналдық мекеме қызметкерлері осылай деді. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бағдарламасының толыққанды жүзеге аспауынан, шаһардағы көп қабатты үйлердің едәуір бөлігі тозған. Бұл өз кезегінде тұтынушы үшін де, коммуналдық мекемелер үшін де орасан шығын, дейді мамандар. Тараптарды тыңдап көрген тілші тарқатып айтады.

Ақпан айы Алматыда аязды күндермен басталды. Наталья Спивакова осы күндері пәтерде азынаған суықты сезінетінін айтады. Зейнеткер жылыну үшін кейде газ қосады, болмаса, электр жылтқыштардың көмегіне жүгінеді.

Наталья Спивакова, Алматы қаласының тұрғыны:

Түнгі мезгілде қатты суытып кетеді. Батареяларды ұстсам, суық. Сенсеңіз, түнімен газды ашып қоямын. Бұл да біз үшін қиын. Зейнеткер болғандықтан, артық шығынды талап етеді.

Алайда шаһарда тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін негізгі оператор - «Алматы жылу желісі» компаниясының мамандары бұл тұжырыммен келіспейді. Олар пәтерлерге жылуды +20 градустан төмен түсірмей беретіндерін айтады. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері арнайы құрылғының көмегімен шағым түскен көп қабатты үйлерді тексеріп шыққан. Олар жылудың далаға кетуіне басқа да себептердің барын анықтапты.

Константин Белецкий, «Алматы жылу желісі» ЖШС техникалық диагностика қызметінің маманы:

Тепловизор деп аталатын арнайы құрылғының көмегімен жылу тұрмайтын пәтерлерді тексеріп шықтық. Байқасаңыз, қара түсті жолақ суық ауа массасын көрсетеді, ал жарық белгі жылудың тұрақтылығын көрсетеді. Осы арқылы біз мына үйде жылудың едәуір бөлігі сыртқа кетіп жатқанын анықтадық. Жылу жеткілікті мөлшерде беріледі, ал пәтердің изоляциясы нашар болғандықтан, ол ішін емес, бөлменің сыртын жылытып жатыр.

Коммуналдық мекеме мамандары мониторинг қорытындысын тұрғындарға ресми түрде жария етпек.

Наталья Инкина, «Алматы жылу желісі» ЖШС баспасөз хатшысы:

Жыл сайын жылу маусымы басталған кезде пәтер иелерінен үйдегі жылуға қатысты сұрақтары көбейеді. Бірақ қаланы жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар пәтер иелері кооперативтерінен жылу маусымына дайындық паспортын талап етеді. Соған орай тиісті талаптарға сәйкес жылудың барлық үйлерге теңдей етіп бөліп береміз. 

Бірақ жергілікті пәтер иелері кооперативтері тұрғындармен келісіп, көп қабатты үйлердегі термоизоляция мәселесін жаз мезгілінде шеше ме?! Бұл күрделі сұрақ дейді, мамандар.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:


Мамандар Алматыда 2011-2020 жылдар аралығын қамтитын тұрғын үй коммуналдық терможаңғырту бағдарламасының баяу жүріп жатқанын айтып отыр. Ресубликалық бюджеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінеді. Бірақ оны игеру кешеуілдеп келеді. Шаһарда барлығы 4,5 мың көпқабатты баспана жөнделуі тиіс. Мәселе сол кезде ғана шешімін таппақ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ