$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Жамбыл облысында 99 мың аула қоқыстан тазарды

28.05.2024ж. 20:00
1172
Жамбыл облысында 99 мың аула қоқыстан тазарды

Жамбыл облысында 817 шақырым канал мен арық және 99 мың аула қоқыстан тазарды. "Таза Қазақстан" акциясы оңтүстіктегі аймақта қарқынды жалғасуда. Экологиялық шара басталғалы 1600-ден астам сенбілікке 214 мың адам қатысты. Аймақтағы тазалық жұмыстарына 9,4 миллиард теңге қарастырылған. 

Қайрат ИСМАИЛ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы көктемде мына акцияға байланысты 20 мың түп ағаш отырғызылды. Ең қажет етіп тұрған 7 каналымызда қазір жөндеу жұмыстары жүруде. Механикалық техникаларды пайдалану арқылы тереңдетіп, 70-80 см-ге дейін табанын тазалап, астындағы қоқыстарды шығарудамыз.

Сонымен қатар жыл соңына дейін облыста 470 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Ол үшін 23,1 млрд теңге бөлінген. Оған қоса туристік нысан салынып жатыр. Айта кетейік, одан бөлек бірнеше елдімекендегі 79 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді.

Гүлмира ТАТЫБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тазалық өзіміздің ауламыздан басталады. Бәрі өзінің тұрған жерін, жүрген жерін, жұмыс орнын бәрін таза ұстап отырса қаламыз да таза болады.