Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтар агенттік атынан жалған ресми хаттар таратып жатқанын мәлімдеді
Агенттікке осындай жалған хат таратудың тағы бір дерегі туралы ақпарат түскен. Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеріс жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметті, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан, – деп хабарлайды Astana TV.
"Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттар жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк дерегін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған", - деді ҚМА өкілдері.
Ведомство азаматтарға мынадай ескерту жасады: