$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжар өңірінде 250 ірі қарадан бруцеллез анықталды

29.05.2024ж. 20:00
585
Қызылжар өңірінде 250 ірі қарадан бруцеллез анықталды

Қызылжар өңірінде жыл басынан бастап 250 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қазір облыстың алты ауданында дертпен күрес жүріп жатыр. Ветеринарлар бруцеллез табылған ауылдарға шектеу шараларын енгізіп, мал етінің сауда сөрелеріне өтіп кетпеуін қатаң бақылауға алған. Айта кетейік, ресми дерекке сәйкес, былтыр 277 мал бруцеллезге шалдыққан. Жалпы, шаруалар ауруға қарсы екпені ақылы түрде жасатуы керек. 

Аманжол НҰРТАЗИН, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет алмайды. Бұл тегін түрдегі шара емес, ақылы түрде жүргізіледі. Әрбір малдың иесі ветеринарлық станцияға барып, өтініш жазып, өз малын осы вакцинациядан өткізе алады.