$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

11.09.2026ж. 23:23
Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?
фото: pixabay

Қазақстандықтарды қазан айында қосымша демалыс күні күтіп тұр. Бұл Республика күніне байланысты.

2026 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, Республика күні – 25 қазан жексенбіге түседі.

Қолданыстағы заңнамаға сай, мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда, демалыс тағы бір күнге ұзартылады. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда демалады. Яғни Республика күніне байланысты демалыс 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Жалпы қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.