Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталды

AstanaTV
04.03.2016ж. 20:00
1989
«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталды

Есірткі қолданып , ұшақ басқарған  «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы жұмыстан кетті. Бұл ақпаратты аталған компанияның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері  Тілек Әбдірақымов телефон арқылы растады. Оның берген мәліметінше, әуе компаниясының ұшқыштары арнайы медициналық тексерістен өтіп отырады. Бірақ бұл жағдайда ұшқыштың әуе кемесінің тізгінін басқаруға қалай тексерілмей өткені жайлы нақты ақпар беруден бас тартты. Айта кетейік, оқиға Алматы әуежайында екінші наурызда болған. «Эйр Астана» компаниясына тиесілі «Эйрбас-320» ұшағы Мәскеуден Алматыға күнделікті қатынайды. Бортта 82 жолаушы болған. Ұшақ қонған сәтте, әуежайда арнайы тексеріс жүріп жатқан. Сол сәтте қызметтік иісшіл ит ұшқыштың қасына тоқтап, кеден қызметкерлері күдіктіні жіті тексерген.

Хасан Тырнабаев, Мемлекеттік кірістер департаменті мобильді тобының жетекшісі:

Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Алматы халықаралық әуежайының кедендік бақылау аймағында  ұшқыш ұсталды. Оның қалтасынан 1.55 грамм көлемінде кептірілген марихуана табылды. Жасы 40 шамасындағы Қазақстан азаматы.  Қазір контрабандалық және есірткіні заңсыз қолдану баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 А.ЕРМАХАН