Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында жас отбасы сәбилерінің шетінеуін медицина мамандарының салғырттығынан көреді

AstanaTV
04.03.2016ж. 20:00
2088
Жамбыл облысында жас отбасы сәбилерінің шетінеуін медицина мамандарының салғырттығынан көреді

Жамбыл облысындағы жас отбасы баланың құрсақта шетінеп кетуіне ауылдық акушерді кінәлап отыр.  Олардың айтуларынша, ай күні жетіп қалған шақалақ құрсақта 3 апта бұрын өліп қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мән-жайды анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізбек. Мерует наурыздың басында тұңғышын босануы керек болатын. Ал бір ай бұрын аудандық ауруханадан ультрадыбыстық зерттеуден өтеді. Бәрі қалыпты болатын. Алайда, үш күннен соң құрсақтағы шақалақтың қимылсыз қалғанын сезіп, ауыл акушеріне қаралдым, дейді. 

Руслан Илибаев, Меруерт Келімбетованың күйеуі:

Акушеркаға бардық ауылдағы, олар тексерді де: «Жүрек соғысы жақсы, бәрі жақсы, өзі сондай болады. Сіз наурыздың 1-не дейін УЗИ-ге бармай-ақ қойыңыздар, 1-нен кейін УЗИ-ге түсіремін, сөйтіп 3-і күні босанасыздар» деді. Біз наурыздың біріне дейін жүрдік.

Ал наурыздың  бірінде аудандық ауруханаға тексерілгенде ультра дыбыстық зерттеу баланың шетінеп кеткенін көрсетеді. Мұны облыстық перенаталдық орталық мамандары да растайды.

Руслан Илибаев, Меруерт Келімбетованың күйеуі:

УЗИ-ге түсірді. Түсірген кезде бірақ білдік біз бала шетіп кеткенін. Ал, біз 5-і күні түскен УЗИ-де 32 апталық бала етін. Баланың басы шіріп кеткен деді. Үш апта бұрын шетінеп кеткен деді.

Меруерт Келімбетованы дәрігерлер өз күшімен босандырған.  Қазір ауруханада.

Меруерт Келімбетова

Бауыр еті баламнан айырылып қалдым. Осының бәріне кінәлі акушерка. Себебі ол менің балам қимылдамай қалған кезде акушер Фарида апайға барғанмын. Бірақ, ол бәрі жақсы деп, наурыздың бірінде узи-ге барасын деп айтқан. Содан кейін жүре бергенмін.

Мамандар қазір Меруерттің жағдайы қалыпты деп отыр. Ал,облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар ауылдық акушер жүкті әйелге  салғырт қарады дегенге келіспейді. 

Сәуле Қоңқашова, Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бас акушер-гинекологының міндетін атқарушы

Акушерканың бақылауы кезінде әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағым айтылмаған. Сол 11  ақпан мен 1 наурыз аралығында қай кезде болды бұл жағдай, осы іштей шетінеу жағдайы, оны белгілеу өте қиын. Бірінші, ол арнайы сараптамадан өту керек. Медицина қызметкерлері тарапынан кінә бар-жоқтығынын тек қана сараптама қортындысы айтады.

Тұңғыштарынан айырылған отбасы облыстық денсаулық сақтау басқармасына бір күн бұрын арызданған. Сондықтан шарананың шетінеу себебін анықтау жұмыстары енді жүргізілмек.

  Данияр ӘЛІМҚҰЛ