$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Папуа-Жаңа Гвинеяға лай көшкінінен $128 млн шығын келді

AstanaTV
30.05.2024ж. 07:41
1049
Папуа-Жаңа Гвинеяға лай көшкінінен $128 млн шығын келді

 Лай көшкінінен $128 млн шығын келді Папуа-Жаңа Гвинеяда лай көшкіні құрбандарының саны 2 мыңнан асты. 70 мың тұрғыны бар Энга провинциясының табиғат апатынан кейін түгі қалмаған.

Аймаққа келген шығын 128 млн АҚШ долларын құрайды. Премьер-министр Джеймс Марапе Парламент палатасының кезекті жиынында осылай деп мәлімдеді. Ол елдегі ахуалды бұрын-соңды болмаған «алапат дағдарысқа» теңеп, үкіметтен аймақты қайта қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсетуін сұрады.

Қазір өңірде іздеу-құтқару бригадасы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін ұлттық апаттар орталығы БҰҰ-ын шұғыл қолдау көрсетуге шақырды,- деп хабарлайды 24.kz.