$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Астанада қазақ тілді медиаконтент жасаушылардың жетінші форумы өтті

30.05.2024ж. 20:00
307
Астанада қазақ тілді медиаконтент жасаушылардың жетінші форумы өтті

Қазақ тіліндегі онлайн контентке сұраныс артуда, медиа саласында қазақ тіліндегі ақпараттың үлесі жоғары. Астанада қазақ тілді медиаконтент жасаушылардың жетінші форумы өтті. Шараға АҚШ елшілігі қолдау білдіріп, еліміздегі 300-ден астам қазақша ақпарат ұсынушы қатысты. 

Джуди КУО, АҚШ-ТЫҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

QazaqForum-ды ұйымдастырғалы бері, біз қазақстандық медиа ландшафттың болашағы туралы айтып келеміз. Ал сол болашақ қазір келіп тұр. Бүгінде біз бірнеше жыл бұрын елестете алмайтын технология түрлерін қолданып жатырмыз. Ал Қазақстан аймақтағы озық технологияның көшін бастап келеді. Қаскүнемдер жалған ақпарат таратып, боттар мен дипфейктер және басқа да әдістер арқылы адамдарды пайдаланып жүр және оларды анықтау мен күресу күн өткен сайын қиындай түсуде. Сол себепті бұл форум өте маңызды.

Сондай-ақ форумға келгендер виртуалды көзілдірікпен су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының жағдайына куә болды. Технологияның көмегімен аймақтағы ақуалды 360 градуста толық көруге болады. Сонымен қатар жетінші жыл қатарынан өтіп жатқан форумда қазақ тіліндегі онлайн-контенттің болашағы талқыланды. Оған қоса 3 тілде өткен сессия барысында жаңа технологиялар мен жасанды интеллектің мүмкіндіктері қарастырылды. 

Жанасыл БОЛАТБЕК, МЕДИА САРАПШЫ:

Қазақстандағы қаралым бойынша жоғары деңгейде тұрған барлық контент ол қазақ тілінде. 360 форматта кеше Орал қаласында су алған жерді арнайы барып түсіріп алып келдік, оның ерекшелігі көрерменге адам сол жерде жүргендей әсер сыйлайды, толық айналасын, жоғарыдан көре алады дегендей. Енді алдағы уақытта сол форматты осы контент өндірушілерге ұсынып жатырмыз.