$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді

14.09.2026ж. 17:42
Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

27 қыркүйекте Алматыда мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Биыл халықаралық жүгіру додасына 60-тан астам елден 16 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Astana TV.

Жарысқа әлемнің әр қиырынан спортшылар келеді. Ең шалғай нүктелер қатарында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто бар. Шетелдік қатысушылардың көбі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытайдан келеді, сондай-ақ Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Беларусь, Германия, Украина елдерінен тіркелген спортшылар бар.

Марафонға танымал жапониялық спортшы, Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи қатысуы мүмкін.

Мерейтойлық жарысқа байланысты барлық қашықтықтың бағыты жаңартылған. 42,2 шақырымдық марафон трассасы биыл алғаш рет бір айналымнан тұрады. Тіркелу марафонның ресми сайтында жалғасып жатыр.