Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Мирас» қоғамдық кеңесі отырысында адами капиталды жақсарту жайы қозғалды

AstanaTV
13.02.2017ж. 20:00
2466
«Мирас» қоғамдық кеңесі отырысында адами капиталды жақсарту жайы қозғалды

Адами капиталды жақсартудың басты көрсеткіші - білім беруді жетілдіру.  Оның ішінде әсіресе сыни ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденуге құштар ұрпақ тәрбиелеу міндеті - маңызды. Қазіргі заманға тез бейімделетін жасты оқыту үшін ең алдымен қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту мәселесін шешіп алу керек.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері осы мәселелерді талқылады. Білікті маман дайындау мен саладағы өзге де күрмеулі жәйттер қозғалды. Ауыл мен қаладағы білім ордаларын теңестірудің бір жолы - мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту, негізгі күшті балаға білім үйретуге бағыттау,- дейді жиналғандар.

Хангелді Әбжанов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Мұғалім жаңағы білмейтінге белгіліні үйретуге уақыты аз. Өйткені ол қаптаған қағаз толтырады. Ол қаптаған қоғамдық тапсырмамен жүреді. Оның айлығы төмен. Осының барлығы мұғалімнің кәсіби -әлеуметтік тұрғыдан ашылуына, анау мектептің баласын барлық күш-жігерімен, қуатымен оқытуға уақыты қалмайды. Ауыл мектептеріне  шет тілін білетін, осы заманға лайық мамандар барғысы келмейді. қалада компаниялардан жұмыс тапқысы келеді. 

Елдің үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басу үшін - ұлт саулығын жақсарту маңызды жұмыс. Жастардың әсіресе «ауырып, ем іздегеннен, ауырмаудың жолын іздеуге» күш салуы қажеттігі де айтылды.