Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Самұрық-Қазына» басшысы шаңғышыларды марапаттады

AstanaTV
13.02.2017ж. 20:00
2179
«Самұрық-Қазына» басшысы шаңғышыларды марапаттады

Жеңімпаздарға миллиондар табысталды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төралқа төрағасы, Шаңғы жарыстары ұлттық федерациясының президенті Өмірзақ Шөкеев Универсиада жеңімпаздарын марапаттады.

Сайыпқырандарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарды өз қолымен табыс етті. 28-ші қысқы универсиаданың алтын, күміс, қола медальдарын жеңіп алған Анна Шевченко 1 млн 400 мың теңгеге ие болды. Қанжығасына алтын мен күміс жүлдені байлаған тағы бір спортшымыз Олжас Климинге 800 000 теңге бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген өзге спортшыларға 300 және 200 мың теңгеден сыйлықтар табысталды.

Анна Шевченко,  XXVІІІ Қысқы Универсиада чемпионы:

Өте қуанып тұрмын. Күтпеген жағдай болды. Бастысы ақша емес, бастысы тарих және біз ол тарихта қалдық.  Федерация тарапынан жасалып жатқан қолдау да қуантады. Менің жасым 23-те, сондықтан алар асуларым әлі алда, деп ойлаймын. Мен бастапқы сатыдамын. Мұнымен тоқтамақ емеспін.

Естеріңізге сала кетсек, 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өткен 28-ші қысқы универсиадада біздің шаңғышылар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.